Shanghai Jian Qiao University

Білім беру бағдарламасы

6B02101 Дизайн

Дайындық бағыттары

Brand Communication and Marketing Design

Fashion Brand Management and Product Design

Game and Animation Design

6B02101 Дизайн (АҚ «АТУ»)

Brand Communication and Marketing Design

Fashion Brand Management and Product Design

Game and Animation Design (INTERMARK International Design College of Jianqiao University)

 

Білім беру деңгейі:

Бакалавриат

Серіктес жоғары оқу орны:

INTERMARK International Design College of Jianqiao University

Бағдарламаның сипаттамасы

Қос дипломды білім беру бағдарламасы дизайн саласындағы академиялық даярлықты халықаралық креативті индустрия тәжірибесімен ұштастырады. Студенттер іргелі көркемдік-жобалау білімін меңгеріп, визуалды коммуникация, брендинг, fashion-дизайн және цифрлық анимация салаларындағы заманауи құралдарды игереді.

Бағдарламаның мақсаты

Дизайн, сән индустриясы және цифрлық медиа салаларында сұранысқа ие креативті өнімдер жасай алатын, брендтерді басқара білетін және халықаралық деңгейде кәсіби қызмет атқара алатын бәсекеге қабілетті дизайнерлерді даярлау.

 

INTERMARK International Design College of Jianqiao University оқу траекториялары

Brand Communication and Marketing Design

Визуалды айдентика әзірлеу, брендинг, жарнамалық және цифрлық дизайн, маркетингтік коммуникациялар.

Fashion Brand Management and Product Design

Сән топтамаларын жобалау, fashion-брендті басқару, өнімді әзірлеу және оны жаһандық сән индустриясында дамыту.

 Game and Animation Design

Кейіпкерлер мен ойын әлемдерін жобалау, 2D/3D-анимация, цифрлық графика және мультимедиалық жобалар әзірлеу.

 

Іске асыру форматы

2 жыл — «АТУ» АҚ-да

3 жыл — INTERMARK International Design College of Jianqiao University базасында

Оқу тілі

INTERMARK International Design College of Jianqiao University – ағылшын тілі;

 «АТУ» АҚ – қазақ / орыс / ағылшын тілдері.

Берілетін академиялық дәрежелер

Қос дипломды білім беру бағдарламасын толық аяқтаған студенттерге:

  • «6B02101 Дизайн» білім беру бағдарламасы бойынша өнер бакалавры дәрежесі, «АТУ» АҚ-ның өзіндік үлгідегі дипломы қосымшасымен беріледі;
  • «Brand Communication and Marketing Design» немесе «Fashion Brand Management and Product Design» немесе «Game and Animation Design» білім беру бағдарламалары бойынша бакалавр дәрежесі (INTERMARK International Design College of Jianqiao University жоғары білімі туралы диплом қосымшасымен беріледі.

«6B02101 Дизайн» білім беру бағдарламасы

Білім беру бағдарламасы

«Бренд коммуникациясы және маркетинг дизайны»

«Сән брендін басқару және дизайн продакшн»

«Ойын және анимация дизайны»

 


Бағдарламаның артықшылықтары

  • Қос диплом алу мүмкіндігі;
  • Халықаралық шығармашылық орта және тәжірибе алмасу;
  • Заманауи цифрлық технологиялар мен бағдарламаларды меңгеру;
  • Креативті және стратегиялық ойлауды дамыту;
  • Нақты жобалармен жұмыс істеу және халықаралық деңгейдегі портфолио қалыптастыру;
  • Креативті индустриялардың жаһандық нарығына бейімделу.


Студент меңгеретін құзыреттер

  • Брендтің концепциялары мен визуалды стратегияларын әзірлеу;
  • Дизайн өнімін идеядан іске асыру кезеңіне дейін жобалау;
  • Digital-құралдар, 3D-модельдеу және анимациялық технологияларды қолдан;
  • Жобаларды басқару және креативті өнімдерді ілгерілету;
  • Мәдениетаралық коммуникация және халықаралық ынтымақтастық дағдылары.


Мансаптық  мүмкіндіктер

Бағдарлама түлектері:

  • дизайн-студиялар мен креативті агенттіктерде;
  • сән индустриясы мен брендинг компанияларында;
  • ойын және анимация саласында;
  • digital-маркетинг және медиа саласында қызмет атқара алады;
  • сондай-ақ жеке креативті стартаптарын іске асыра алады.
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз